Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін байқоңырлықтар қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқоңырда тұратын қазақстандықтарға пәтер кілтін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тапсырды.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Байқоңырда соңғы 30 жылда алғаш рет 50 пәтерлік бес көпқабатты үй салынғанын атап өтті. Жалпы аумағы – 15 700 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының құны 2 млрд 210 млн теңгені құраған.

Көпқабатты бес үйдің құрылысы өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында басталған. Биылғы қазан айында пайдалануға беріліп, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тапсырылды.

250 пәтердің 50-і «Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі қазақстандық құрылымдарда жұмыс істейтін мамандарға қызметтік баспана ретінде берілетін болып шешілді. Қалған пәтерлерге көп жылдан бері кезегін күткен тұрғындар жайғасады.

Баспаналы болғандардың ішінде «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік кәсіпорнының қызметкері Қорғанбек Қайназаров та бар. Ол аталмыш компанияда бөлім бастығы болып еңбек етеді. Оның айтуынша, бұл қазақстандық зымыран кешенін құру үшін тынбай еңбектеніп жүрген кәсіпорын мамандарын ынталандыра түседі.

Соңғы жаңалықтар