«Бекет ата» автожолы нормаға сай болмай шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Бекет ата» жолына жүргізілген мониторинг нәтижесінде автожолдың белгіленген нормаға сай еместігі анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына мониторинг жұмыстары жүргізілген.

Осыған орай, «Бекет ата жолы» автожолына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, салынған трасса бөлігінен сынамалар алынды (1-38 километр). Тексеру нәтижесінде жолдың тығыздық коэффиценті нормаларға сәйкес еместігі анықталды.

Осы тұрғыда, аталған жолды салушы мердігер «Ақжол құрылыс» ЖШС тарапынан анықталған кемшіліктерге келіспеуіне байланысты департамент және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК филиалының қатысуымен аталған жол сапасына қайта бақылау жүргізілді.

Жұмыс аясында мамандар асфальттан сынама алып, оның құрамын нормативтік стандарттарға сәйкестігін арнайы зертханада тексеретін болады.

Сонымен қатар, жолдың ені мен көлемі де назардан тыс қалмайды.

Соңғы жаңалықтар