+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

«Бекет ата» жерасты мешітіне баратын жол жөнделді

2020 жылғы 13 мамыр 21:10
Бөлісіңіз:
«Бекет ата» жерасты мешітіне баратын жол жөнделді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда «Бекет ата» жерасты мешітіне баратын 97 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл өткен сайын Каспий теңізінің жағасы туристер демалатын орынға айналып, келушілердің саны артқан. Теңізден бөлек - Бекет ата жерасты мешіті және басқа да киелі орындар дәл осы Маңғыстау жерінде.

Жыл сайын жерасты мешітіне келетін ішкі және сыртқы туристердің саны артқан. Биыл сәулетші, ағартушы Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығы. Мереке қарсаңында Бекет ата мешіті мен оған апаратын жол бойы және Шопан ата мешіттерінің аумағы абаттандырылып, көне жәдігерлер қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


12 шақырым қашықта жер астынан шығатын табиғи судан құбыр тартып, мешітке дейін әкелінді.

2017 жылы «Ата жолы» автомобиль жолын қайта жөндеу басталған болатын. Жоба екі кезеңде жүргізілді. Алғашқы бөлігінде 5, 4 млрд теңгеге 51 шақырым жол жөнделсе, екінші кезеңінде 4,5 млрд теңгеге 46 шақырым жолға реконструкция жасалып, асфальт төселді.

Ендігі кезекте облыс әкімінің тапсырмасымен Бекет ата мешітіне газ желісін тарту мәселесі қолға алынды. Демеушілердің көмегімен алдағы уақытта бұл жоба да іске асырылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT