Бельгия маңызы жоқ сапарларға тыйым салды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгия билігі биылғы жылдың 27 қаңтарынан бастап 1 наурызға дейін азаматтар мен ел тұрғындарының шекарадан өтуіне тек белгілі бір жағдайларда ғана рұқсат береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Бельгия үкіметі жанындағы Коронавируспен күрес жөніндегі кеңес органы шекараны кесіп өтуге мүмкіндік беретін мына шарттарды белгіледі:

1) қызметтік іссапарлар;

2) гуманитарлық себептер: медициналық көмек шеңберінде қарттарға, кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге көмек көрсету, туыстарына бару, сондай-ақ медициналық себептер бойынша көшу және ем алуды жалғастыру;

3) оқу мақсатындағы сапарлар: білім алу, ғылыми зерттеулер шеңберінде алмасу бағдарламасы бойынша оқушылар, студенттер және тағылымдамадан өтушілер;

4) отбасылық жағдайға байланысты маңызды себептер;

5) заңды міндеттемелер шеңберіндегі сапарлар, көлік құралын шұғыл жөндеу немесе көшу;

6) шекаралас аймақтарда жұмыс істейтін адамдардың жүріп-тұруына да рұқсат етіледі, бірақ 48 сағаттан аспайтын мерзімге.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген шектеулерді ескере отырып, Шенген келісімі аясында Бельгияның шекаралары ашық күйінде қалады.

Еуроодақтан тыс жерлерден келген адамдары үшін елге келгеннен кейінгі бірінші және жетінші күндері коронавирусқа міндетті ПТР-тест тапасыру ережелері қолданыла береді.


Автор: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар