Бельгияда бағаның көтерілуіне байланысты газ тұтыну 18% кеміді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Табиғи газ бағасының көтерілуі жеке тұлғаларды да, Еуроодақ өнеркәсібін де газ тұтынуды күрт төмендетуге итермеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Биыл бірінші жартыжылдықта Бельгиядағы үй шаруашылығы мен орта көлемдегі компаниялар газды 20 пайызға аз тұтынса, ірі өнеркәсіптер 12 пайызға жуық үнемдеген .

Әсіресе, электр энергиясын өндіретін станцияларда тұтынушылықтың төмендеуі байқалды.

Украинадағы жағдай және одан кейінгі бағаның көтерілуі газдың жеке тұтыну көлеміне әсер етті. Көптеген бельгиялық отбасылар газ үнемдеу үшін үйдегі жылыту температурасын төмендеткен. Бұл туралы Бельгияның федералдық энергетика министрі Тинне Ван дер Стратен парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Бұған дейін Бельгия үкіметі үй жағдайында энергия тұтынуды азайтуға кеңес берген болатын. Мұндай шараларды көршілес Германия мен Франция да қолға алып жатыр. Мәселен, Германияның федералдық экономика министрі Роберт Хабек отандастарын су мен энергияны үнемдеуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар