Бельгияда екі әуе компаниясы қызметкерлерінің ереуіліне байланысты ондаған рейс тоқтатылды

None
None
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат – «Ryanair» (Ирландия) авиакомпаниясының бельгиялық филиалы қызметкерлерінің ереуіліне байланысты бірқатар рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ирландияның «Ryanair» әуе компаниясының бельгиялық қызметкерлері жұма күні таңертең үш күндік ереуілге шықты. Ірі «лоукостердің» бортсеріктері мен ұшқыштары өздерінің еңбек жағдайларының нашарлығына наразы.

Олар сонымен қатар ирландиялық әуе компаниясын Бельгияның еңбек заңнамасын сақтамады деп айыптайды. Авиакомпания кәсіподағының өкілі журналистерге «Ryanair»-дің Бельгияда кадрлар жөніндегі өкілі жоқ екенін және жалақы соншалықты төмен екенін, ол кейбір жағдайларда Бельгия заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақыдан да төмен екенін айтты.

Ереуілдер салдарынан Брюссельдің жанындағы Завентем әуежайына және Шарлерой әуежайына ұшып кетуі немесе қонуы тиіс ондаған рейс тоқтатылды.

Бельгия теледидары «Ryanair» алдағы үш күнде қанша рейс тоқтатылатыны туралы әлі мәлімдеме жасамады деп хабарлайды.

«Ryanair» компаниясының басқа елдердегі қызметкерлері де жақын күндері ереуілге шығуды жоспарлап отыр.

Бүгін таңертең Португалия мен Испаниядағы әуе компаниясының қызметкерлер үш күндік ереуілге шықты. «Ryanair» компаниясының Испаниядағы қызметкерлері де келесі бейсенбі, жұма және сенбі күндері ереуілге шықпақ. Соынмен қатар Франциядағы Ryanair қызметкерлері ертең және жексенбі наразылыққа шығады.


Соңғы жаңалықтар