Бельгияда инфляция деңгейі тұрақталды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – «Statbel» Бельгия статистика агенттігінің мәліметінше, Бельгияда инфляция деңгейі сәуірде 8,3%-ды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Инфляция сәуірде тұрақталды, 2021 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет өсуін тоқтатты. Соған қарамастан, елде бағаның жалпы деңгейінің тұрақты өсуі +8,31%-дан жоғары болып отыр. Бұл Бельгиядағы 1983 жылдың наурызынан бергі ең жоғары инфляция.

Сәуірде негізінен ет, нан және астық қымбаттаған. Автомобиль, қонақүйде тұру, көкөніс, сондай-ақ қызмет көрсету және автомобиль жөндеу қымбаттаған. Отын, табиғи газ, киім-кешек және телекоммуникациялық қызметтер бағасы төмендеген.

Бельгия үкіметі ел тұрғындарының кейбір табысына индексациялау жүргізбекші. Әлеуметтік төлемдер, зейнетақы мамырда 2%-ға, маусымда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2%-ға өседі.


Соңғы жаңалықтар