Бельгияда интернет құны 4,7 пайызға көтеріледі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Telenet ірі телекоммуникациялық компаниясы биылғы 19 маусымнан бастап интернет, сандық теледидар және телефон қызметтерінің бағасын 4,7%-ға көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Біз жалақы төлеу, энергия шығындарына және технологиялық жабдықтың құнына әсер ететін жоғары инфляция нәтижесінде бағамызды өзгертуге мәжбүрміз», - делінген компанияның хабарламасында.

Бұрын бельгиялық Telenet операторы алкоголь, темекі және т.б. бағасының өсуін есепке алмайтын бөлшек саудадағы бағаның индексіне сәйкес бағаны көтерген болатын. Бұл көрсеткіш 4,7%-дан асты. Бірақ компания өз нарығындағы шарттарды да қабылдағанын мәлімдеді.

VRT телекомпаниясының мәліметтері бойынша жеке тұлғалар үшін бір жазылымның құны 66-дан 69,1 еуроға дейін көтеріледі. Осы оператордан интернетке толық қолжетімділік енді 57,68 еуро тұрады.

Telenet бәсекелестері Proximus және Orange компаниялары да бағаның көтерілгенін жариялады.


Соңғы жаңалықтар