Беларусь Атом-электр стансасының 1-энергоблогы желіден ажыратылды

None
None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – БелАЭС-тің алғашқы энергоблогы желіден ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТАҒА сілтеме жасап.

«Сағат 19:02-де генераторды қорғау жүйесі іске қосылып, БелАЭС-тің бірінші энергоблогы желіден ажыратылды», - делінген елдің Энергетика министрлігінің мәліметінде.

Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, «қорғау жүйесі бірінші энергия блогын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану барысында іске қосылған». Мұнда жүйелер мен жабдықтарды тестілеу жүргізіліп жатқан.

Станция ауданында радиация мөлшері қалыпты деңгейде.


Соңғы жаңалықтар