Беларусь аумағында Қазақстан азаматтарының құқығын қорғау тиімділігі артпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы келісім мемлекеттерге азаматтардың көші-қоны, көші-қон заңнамасын бұзушылықтар және заңсыз миграция жолдары, сондай-ақ елдердің бірінің аумағында болу үшін негіздер бар тұлғалардың құқықтық мәртебесі туралы ақпараттар алмасуға мүмкіндік береді.

«Ресми статистикаға сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанға Беларусьтың 32 мыңға жуық азаматы кірген. Оның ішінде 76-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бүгін қаралып отырған келісімнің маңызы зор. Бұл құжатта ақпараттар мен мәліметтер алмасу түрлері, азаматтардың санаттары және ынтымақтастықты нығайту нысандары мен негізгі бағыттары нақты көрсетілген. Екі елдің көші-қон мәселелерінде өзара әркеттесетін құзіретті органдары да анықталған. Қазақстанда ол – Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі», – деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

Келісім екі мемлекеттің заңдарына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Беларусь аумағындағы Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар