Бердібек Сапарбаев Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметовпен кездесті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейро-2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовпен және спортшының жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевпен кездесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Елдос Сметов Парижде өткен Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

«Сіз спорттық аренада еліміздің намысын абыройлы қорғап жүрсіз. Айтулы халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері, Олимпиаданың күміс жүлдегері атандыңыз. Өз табандылығыңыз бен дарыныңыздың арқасында байрақты бәсекелелерде әлем алдында еліміздің даңқын асыра білдіңіз. Біз сізді мақтан тұтамыз. Біздің спортшылардың жетістіктері жас ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстануына зор серпін беруде», - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы спортшыны және оның жаттықтырушысын жуырда қол жеткізген жеңісімен құттықтап, оларға 500 мың және 300 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

Өз кезегінде Е.Сметов алдағы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

«Біздің басты міндетіміз – Олимпиада» алтынын жеңіп алу. Мақсатқа жету үшін аянбай күресуге деп уәде беремін», - деді Е. Сметов.


Соңғы жаңалықтар