+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев Зульфия Ғабидуллинаны мерекемен құттықтады

2020 жылғы 7 наурыз 19:41
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев Зульфия Ғабидуллинаны мерекемен құттықтады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев чемпион Зульфия Ғабидуллина мен көп балалы ана Айжарқын Сарықованы мерекемен құттықтап, үйлеріне арнайы барып, ізгі лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиадалық ойындарында жүзу бойынша Алтын медаль иегері Зульфия Габидуллина ешқандай қиыншылықтарға мойымай табандылық пен еңбеккештікпен өмір сүрудің жарқын үлгісі болып табылады десек артық айтпаймыз.

- Мен сізге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздің мінезіңізді, төзімділігіңіз және еңбекқорлығыңызды құрметтейміз. Сіз тек даңқты спортшы ғана емес, адам ретінде де көпке үлгісіз. Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, өз қаражатыңызға балаларға арналған спорт алаңын салдыңыз. Басқа да игі істермен айналысып келесіз,-дей келе облыс әкімі Зульфия Ғабидуллинаны мерекемен құттықтап, оған гүл шоғын және ҚР Президентінің басшысының құттықтау хатын табыс етті.

- Мен үшін облыс әкімінің өзі үйге келіп лебізін білдіруі, ел Президентінің құттықтау хаты тосын сый болып отыр. Арнайы көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризамын. Сондай-ақ, барша әйелдер қауымын әрдайым жарқын өмір пен ізгілік тілеймін, - деді З. Ғабидуллина.

Сондай-ақ, аймақ басшысы көпбалалы ана Айжарқын Сарықованы да арнайы құттықтап барды. Ол бүгінде жолдасы екеуі жеті бала тәрбиелеп отырға олардың бірі ерекше. Бұл отбасы тұрақты түрде атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі және мүгедектігі бар балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы, балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алып тұрады.

Бердібек Сапарбаев көп балалы ананы мерекесімен құттықтап, гүл шоғын табыс етті. Ал, балаларына тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар сыйлады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT