«Берел» қорық-мұражайының директоры 10 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры мен мұражайдың басқа да қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар іс жүзінде қызмет көрсетусіз «Бітім» және басқа да үлестес жеке кәсіпкерлермен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жалған жасасу арқылы жүйелі негізде 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар