+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Берел жәдігерлері Ұлыбританияда таныстырылады

2021 жылғы 21 қыркүйек 06:12
Бөлісіңіз:
Берел жәдігерлері Ұлыбританияда таныстырылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда өтетін көрмеге Берел қорғандарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сингапурда Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасына арналған көрме ашылды Атырауда Шеберлер аллеясы ашылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» халықаралық көрмесін ұйымдастырмақ, Көрменің ашылу салтанаты 28 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.

Мәдени шара Қазақстанның көп ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті, ғалымдардың ғылыми ізденістерінің жаңа нәтижесімен таныстыруға мүмкіндік береді.

Осыған орай Қазақстан археологиясы жетістіктері «Gold of Kazakhstan» экспозициясында көрсетіледі, мұнда Берел қорғандарынан табылған қаңқалар, киізден және матадан жасалған жылқы әбзелдері көрермендер назарына ұсынылады.

«Зерттеуші Зейнолла Самашев 1998 жылы қорғанның «патша қорымы» кезеңін зерттеу барысында №11 нысаннан алтынмен апталған 13 ат және сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапқан. «Берел жылқылары» деген атаумен белгілі бұл жылқылар тарихымыздың жауһар жәдігерлерінің бірегейіне айналған. Сондай-ақ, ерекше құрылым мен жерлеу рәсімі №36-шы обада тіркелген болатын. Басқа жерде кездеспейтін бұлан тектес сүйектен жасалған жылқының әшекейі. Бұл әшекейдің құндылығы да алтынмен бірдей. Мұндай үлгілер Алтай өңірінің басқа жерлерінде кездеспейді», - деді «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Алмас Сарбасов.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT