Берік Уәли: Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парашасында жазды.
«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды. Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам», - деп жазды Берік Уәли.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар