Бейбіт Атамқұлов Германияға ресми сапармен барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Германия алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге шыға алатын мемлекетаралық қатынастардың барлық кешені бойынша көп жоспарлы серіктестікті арттыруға ниеттеніп отыр. Мұндай нәтижелерге ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ГФР-ға ресми сапары аясында неміс саясаткерлерімен келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілді.

Қазақстан СІМ басшысы өзінің әріптесі – ГФР Сыртқы істер министрі Хайко Маас, Федералдық президент ведомствосының басшысы Штефан Штайнляйн, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы, Бундестаг депутаты Манфред Грунд, Экономика және энергетика министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Томас Барайспен кездесті.

Неміс истеблишментінің өкілдері елімізде болып жатқан ішкі саяси оқиғаларға жоғары баға берді, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өтті. Олар сыртқы саяси бағыттың жалғасы мен жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларын құптап, одан әрі табыс тіледі.

Кездесу барысында Б. Атамқұлов пен Х. Маас екіжақты қарым-қатынастың көпжақты форматтағы негізгі мәселелерін талқылап, «сағаттарды салыстырды».

Жоғары қызметтегі неміс дипломаты ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын бірлесіп әзірлеуге дайын екендігін білдірді. Ол 180-мыңдық неміс диаспорасын қолдау және Қазақстанда неміс тілін үйренуді танымал етіп насихаттау үшін алғысын білдірді. Тараптар жалпы білім беру, әсіресе дуалды білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыру және тиісті іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Министрлер сондай-ақ, Германия негізгі рөл атқаруға мүдделі Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын іске асырудың практикалық бағыттарын қарастырды. Бұл тұрғыда тараптар Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Екі министр де бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, Қазақстан-Герман саяси байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуына қанағаттанушылық білдірді.

Ш. Штайнляйнмен келіссөздер барысында саяси ынтымақтастық мәселелері жөніндегі сындарлы пікір алмасу өтті. СІМ басшысы әлемдік қауымдастыққа үш диалог негізінде жаңа геосаяси шындықты құру идеясын ұсынған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасын атап өтті. Өз кезегінде Ш. Штайнляйн Германияның державалар арасында диалог орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

Бундестаг мүшесі М. Грундпен кездесу кезінде екіжақты парламентаралық қатынастар мәселелері қозғалды. Министр біздің ел басшылығының халықаралық бастамаларын үнемі қолдағаны үшін алғысын білдірді. Осы тұрғыда ол 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразия елдері спикерлерінің төртінші кеңесінің жұмысына Бундестаг төрағасының бірінші орынбасары Х.-П. Фридрих қатысатанын қанағаттанарлықпен атап өтті. Неміс депутаты Қазақстанға 1996 жылғы өзінің алғашқы сапары туралы айтып, еліміздің ағымдағы даму деңгейімен салыстыра отырып, Н. Назарбаевтың зор рөлін атап өтті.

Герман экономикасы өкілдерімен келіссөздерде тараптар сауда айналымының өсіп келе жатқан көрсеткіштерін оң бағалады, ол 2018 жылы 5,1 млрд АҚШ долларын құрады (Германия статистикасына сәйкес). Бұл ретте Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы басты әріптесі болып табылады – өткен жылғы сауданың жалпы көлемі ГФР-дың өңір елдерімен сыртқы сауда операциялары көлемінің 85%-дан астамын құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін энергетика, машина жасау, ЖЭК, химия, туризм, көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жобалар кіретін екі мемлекет арасындағы экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың «Жол картасына» қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Соңғы 12 жылда Қазақстанға Германиядан 8,6 млрд АҚШ доллар көлемінде тікелей инвестициялар тартылды. 900-ден астам бірлескен кәсіпорындар құрылып, бұл ретте нарықта «Siemens», «WILO», «KNAUF», «BASF», «MetroCash&Carry», «OBI», «CLAAS», «Linde AG» сияқты ірі инвесторлар жұмыс істейді.

Сапар барысында Б. Атамқұловтың ГФР канцлері кеңсесінің, Германияның сыртқы сауда палаталары қауымдастығының басшылығымен кездесуі, сондай-ақ неміс бизнесі капитандарымен «дөңгелек үстел» өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар