Бейбіт Атамқұлов құрылыс қарқыны жоғары өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 2 айында елімізде 15 807 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеу шаралары көлік саласындағы нақты көлем индексіне теріс әсер етуде. 2021 жылы қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 80,9 пайызды құрады. Транзиттік контейнерлік тасымалда оң динамика сақталды. Көрсеткіш 156,5 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 79 пайыз болды. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 0,55 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,5 пайыз болды», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған министр.

Сонымен қатар министр құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында 109,7 пайыз болғанын айтты.

Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан басқа 15 өңірде оң көрсеткіш тіркелгенін атап өтті.

«Тұрғын үй құрылысында биылғы екі айда 1 млн 893 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, өсім 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,8 пайызды құрады. Республика бойынша барлығы 15 807 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш барлық өңірде артты. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар