Бейсенбіде Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – 16 қаңтар күні Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 16 қаңтар күні Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар