Бейжің маңында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат– Бейсенбі күні Бейжіңнен 13 км қашықтықта орналасқан Таншань қаласында 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Қытай сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, жерасты дүмпуінің эпицентрі жергілікті уақыт бойынша сағат 08:02-де Хэбэй провинциясы Таншань қалалық округінің Фэннань ауданы аймағында тіркелген.

«Магнитудасы 4,5, зілзала ошағының тереңдігі 10 км», - делінген хабарламада.

Құрбан болғандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Таншань қаласында 8 млн-ға жуық адам тұрады. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, дүмпу Бейжің мен Тяньцзинь секілді қытайлық мегаполистерде де сезілген.

Соңғы жаңалықтар