Бейжің метрополитенінің 90-нан астам станциясы коронавирусқа байланысты жабылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжің метрополитенінің 90-нан астам станциясы коронавирустың өршуіне байланысты жабылды. Бұл туралы бейсенбі күні метрополитен әкімшілігі «Вэйбо» әлеуметтік желісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, 4 мамырда Бейжің метрополитенінің әкімшілігі 60 метро станциясын жапқан. Бұл шаралар індеттің алдын алу және бақылау қажеттілігінен туындайды. Бейжің билігі Қытай астанасында локдаун енгізу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қаланы жабу туралы хабарлама жалған. Дүрбелеңге бой алдырмаңыздар, астанадағы өмірге еш зиян келмейді, әлеуметтік өмір бұрынғыдай жалғаса береді», - деді бейсенбіде астана әкімшілігінің баспасөз хатшысы Сюй Хэцзянь баспасөз брифингінде.

Сонымен қатар, елордалық Чаоян ауданының билігі тұрғындарды жасанды дүрлікпе тудырмауға шақырып, азық-түліктің жеткілікті қоры бар екенін атап өтті. Бұған қоса, Қытай астанасының тұрғындарын коронавирусқа скрининг және тестілеу жалғасып жатыр. Жұмадан бастап Бейжіңнің 12 ауданында COVID-19 жаппай тестілеудің үшінші кезеңі басталады.

Ресми мәлімет бойынша, өткен тәулікте 36 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, 22 сәуірден бастап Қытай астанасында 928 жағдай тіркелді.



Соңғы жаңалықтар