Бейжіңде ҚХР-дың жоғары заң шығарушы органының сессиясы ашылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Ұлт өкілдерінің жалпықытайлық жиналысы (ХӨБЖ, парламент) жұма күні жыл сайынғы сессиясын жүргізуге кірісті.

Ашылу салтанаты Тяньаньмэнь алаңындағы Халық жиналыстары үйінде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі оқиға орнынан.

«13-ші шақырылымдағы ХӨБЖ 4-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы (елдің жоғары заң шығарушы органы) Ли Чжаньшу.

Бүгінгі сессияның күн тәртібінде – Үкіметтің 2020 жылғы жұмысы туралы баяндаманы және 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының, өткен жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің жобасын тыңдау және қарау, сондай-ақ олардың 2021 жылға арналған жобалары тұр.

Ағымдағы сессияның басты назарында – әлеуметтік-экономикалық дамудың (2021-2025 жылдар) 14-ші бесжылдық жоспарының жобасын және 2035 жылға арналған перспективалық мақсаттарды қарау тұр.

Сессияда сонымен қатар парламенттің ұйымдастырылуы мен регламенттері туралы заңға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, сондай-ақ ҚХР тұрақты комиссиясының, Жоғарғы халық соты мен ҚХР Жоғарғы халық прокуратурасының жұмысы туралы есептер қаралады. Сессия бір аптаға созылып, 11 наурызда аяқталады.

Сессияда сонымен қатар парламенттің ұйымдастырылуы мен регламенттері туралы заңға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, сондай-ақ Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитеті Жоғарғы халық соты мен ҚХР Жоғарғы халық прокуратурасының жұмысы туралы есептер қарастырылады. Сессия бір аптаға созылады және 11 наурызда аяқталады.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян Үкіметтің 2020 жылғы жұмысы туралы баяндаманы оқи отырып, «біз бәрінен бұрын жұмыс пен өндірісті қайта бастай алдық, экономиканы қалпына келтіру жағдайы күтілгеннен жақсы болды, 2020 жылы ЖІӨ көлемі 2,3% - ға артты» деп атап өтті.


Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар