Бейжіңде түнгі барда коронавирус жұқтырғандардың саны 115-ке жетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасындағы түнгі барда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 100 адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бейжің қалалық аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес орталығына сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, Бейжіңдегі түнгі барлардың бірінде анықталған кластерлік індет тез таралу сатысында, ал Қытай мегаполисінде індеттің екінші рет өршу қаупі жоғары болып отыр. Бейсенбіден бері қалалық түнгі барға байланысты 115 COVID-19 оқиғасы тіркелген.

3.5 миллион халық тұратын қаланың ең көп шоғырланған Чаоян аймағындағы түнгі барда коронавирус жұқтыру жағдайлары көптеп анықталатыны күтіліп отыр.

COVID-19 індетіне байланысты Бейжің билігі 13 маусымнан бастап мектептерде сабақты оффлайн режимге ауыстыруды шешті. Жаңа ережеге сәйкес, қала мектептеріндегі бастауыш және орта мектеп оқушылары қашықтан білім алуды жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар