+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Білім берудің дәстүрлі форматына оралу шешімі қабылданды – Асқар Мамин

2021 жылғы 11 тамыз 10:46
Бөлісіңіз:
Білім берудің дәстүрлі форматына оралу шешімі қабылданды – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерін барынша тездетіп шешу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге азайды Алматыда коронавирус жұқтырған 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Алматыда 120 мыңнан астам егде жастағы адам вакцина алды

«Бүгін өте маңызды мәселені қарастырып отырмыз. Ол қазір әрбір отбасыны, барлық оқушылар мен студенттерді алаңдатып отыр. Биылғы оқу жылы денсаулық сақтау жүйесінің әзірлігі анағұрлым жақсы әрі халықты жаппай вакциналау жағдайында басталғалы отыр. Вакцина алған педагогтер жұмысқа кіріседі», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым қауіпсіз жүйесі мәселесі пысықталып жатқанын да баса айтты.

«Сондықтан білім берудің дәстүрлі форматына оралу туралы шешім қабылданды. Осыған орай оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді барынша тездетіп шешу қажет»,- деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында сондай-ақ Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде оқу процесі «1 сынып - 1 кабинет» форматында ұйымдастырылатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT