Білім грантына қалай өтінім беріп, құжат тапсыруға болады - видео

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына өтініш беруге көмектесетін нұсқаулықты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұсқаулық министрліктің Youtube парақшасында жарияланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Қазақстанда білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 16 шілде, яғни кеше басталатынын хабарлаған едік.

Қабылдау электронды форматта жүзеге асырылады.

Талапкерлер мен олардың ата-анасының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейнебайланыс арқылы кеңес береді.

Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады.

Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 цифрлық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмесін қоса тапсыруы қажет.

Сонымен қатар биыл білім гранттарын бөлу кезінде БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квота бөлді.

Соңғы жаңалықтар