Биологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің базалық факторы ретінде енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қоғамдық денсаулық сақтау ісін дамытумен қатар ұлттық қауіпсіздіктің базалық факторларына енгізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта таяудағы 5 жылда болуы мүмкін деп болжанған негізгі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылға баса мән берілгенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан Стратегиясында ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі басымдықтары айқындалған.

Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Стратегияда адами капитал саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ең алдымен, ұлттың зияткерлік әлеуетін сақтауға және ұлғайтуға назар аударылады.

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жұмыстармен бірге қоғамдық денсаулық сақтау ісін дамыту мәселесі де ұлттық қауіпсіздіктің базалық факторларының қатарына енгізілді.

Аталған бағыт құқық қорғау органдары мен сот жүйесі жұмыстарының тиімділігін арттыруды, халықты құқық бұзушылықтардың барлық түрінен қорғауды қамтиды.



Соңғы жаңалықтар