Бір апта бұрын нәрестесімен бірге жоғалған 16 жастағы қыз табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында бір апта бұрын жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кеткен жас ана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Polisia.kz сайтында мәлім етілгендей, 3 қыркүйек күні Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 44 жастағы әйел хабарласып, Ана үйі дағдарыс орталығынан шығып, қайта оралмаған өзінің 16 жастағы қызын іздестіруде көмек сұраған. Жас ананың қолында сәбиі болған.

Оларды іздеп табу үшін облыстық Полиция департаментінің бастығы мобильді топтар құрып, волонтерлер жұмылдырылды. Нәтижесінде бала мен ана облыстағы ауылдардың бірінен табылды.

Қазіргі уақытта екеуі де қыздың ата-анасының қамқорлығына берілді.


Соңғы жаңалықтар