Бір апта ішінде Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс жасалды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде еліміздің аумағында үш мыңға жуық қылмыс жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек бір апта ішінде республика аумағында 2 941 қылмыс жасалғанын атап өтті.

«Оның 1 851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 54 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі.

Сонымен қатар Шұғыла Тұрлыбек жыл сайын көлік апатынан екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңға жуық азамат жарақат алатындығын атап өтті. «Сергек» камерасының бұл қауіптерді азайту бағытында қолданылу жайына тоқталды.

«Тараптар жол қауіпсіздігі мен жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және түрлі қылмыстарды ашуда бейнетіркеу камераларының тиімділігін талқылады. «Сергек» жүйесінің келесідей ерекшеліктері бар: жылдамдықты оптикалық анықтау, машиналарды іздеу, тәуліктік бейнебақылау, бейнежазбаларды сақтау және талдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, басқа камералармен және мемлекеттік жүйелермен байланыс. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында және «Сергек» камераларының көмегімен жол-көлік апатынан болатын өлім-жітім мен қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі айтарлықтай азайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар