Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз соңғы аптадағы қылмыс фактілерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада елімізде 3139 қылмыс жасалды, оның ішінде 2081 қылмыс бір тәулікте ашылды. Полиция қызметкерлері 12 адам өлтіру және 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зақым келтіру оқиғасын, 4 тонау мен 486 ұрлық фактісін ізін суытпай анықтады», - деді ресми өкіл министрлікте өткен онлайн брифингте .


Соңғы жаңалықтар