Бір отбасы 42 500 теңгеге өмір сүре ала ма - министр жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 42 500 теңгеге бір отбасы өмір сүре алады деп ешкім есептеген емес. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«42 500 теңгеге бір отбасы өмір сүре алады деп ешкім есептеген емес. Бұл - еңбек заңнамасы кепілдік беретін ең төменгі стандарт. Ал еңбек нарығында бұдан төмен жалақы болмауы тиіс. Сондықтан табысын жоғалтуға байланысты берілетін төлем жайында сөз болғанда бұл бірыңғай стандарт - 42 500 теңге», - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол бір отбасында бірнеше адам жұмыс істеп және олардың барлығы карантин шараларына байланысты табысынан айырылса, онда олардың барлығы 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем ала алатынын баса айтты.

«Әрине, бұл көп емес. Егер отбасында бірнеше адам табысынан айырылса, онда әр адам отбасындағы адам санына қарамастан бұл төлемді ала алады», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар