Бір топ қызылордалық «Халық алғысы» медалімен марапатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы әкімдігінде пандемия кезінде игі істер атқарған азаматтарға «Халық алғысы» медалі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың қатарында түрлі салада қажырлы еңбек еткен қаланың жанашыр 12 жанашыр азаматы бар. Мұндай құрметке бірқатар сала басшылары, белсенді жастар және қарапайым еңбек азаматтары бөленді.

Осындай марапатқа ие болған Қызылорда жылу-электр орталығының слесарі Серік Рамберлиев сын сағатта тындырымды тірлік атқара білді. Ал «Қызылорда тазалығы» мекемесінің дезинфекторы Денис Пятибратов өз міндетіне сол кезеңде үлкен жауапкершілікпен қарады.

Аталған шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңде өз өмірін қауіпке тігіп, барлық сақтық шараларын сақтауға атсалысқан азаматтардың еңбегін айрықша атап өтті. Осындай белсенді азаматтарға алғыс білдіріп, қала халқының ризашылығын жеткізді. Олардың белсенді азаматтық ұстанымын қаланың дамуына жұмсап, игі шаралардың бастамашысы болатынына сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар