Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмауы керек – Бердібек Сапарбаев

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Шымкент қаласына келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев бастаған бір топ Үкімет мүшелері жергілікті халықпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлер Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудауының орындалуы жөнінде сөз қозғап, алда атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Жиынға Министрлер кабинеті мен қала әкімі Ерлан Айтаханов, қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері және Шымкент қаласындағы түрлі сала мамандары, қоғам мүшелері қатысты. Президент Жолдауындағы көзделген негізгі тапсырмалардың орындалуын сөз еткен жиында бойынша Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев халықты әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын жеткізді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықты әлеуметтік қолдау мақсатында бюджеттен 250 млрд теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, халық арасында несие төлеуден кешігіп, айыппұлы өсіп кеткен шығындарды өтеу үшін 142 млрд теңге жұмсалды. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін қоғам мен билік ортасындағы кері байланысты оңтайландыратын тиісті құжаттар әзірленуде. Халықтан келген бірде-бір сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Әр өңірде құрылған қоғамдық кеңестің жұмысында да кемшіліктер жетерлік, ашықтық жоқ. Сондықтан халық арасында жиі сауалнама өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, аталған әлеуметтік сауалнама бойынша көрсеткіш 30 пайыздан төмен болса, жедел түрде қоғамдық кеңестің мәселесі қаралатын болады.
Соңғы жаңалықтар