Birgemiz: Қостанайлық кәсіпкерлер 50 отбасына азық-түлік жеткізді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы қолға алған «BizBirgemiz» қайырымдылық акциясы қостанайлықтар арасында үлкен қолдауға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық акцияға Әулиекөл ауданының кәсіпкерлері де үн қосты. Аманқарағай ауылы мешітінің бас имамы Серікбай Есболовтың айтуынша, қазіргідей қиын шақта көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасауға ұмтылғандар көбеюде.

«Мұндай істі қолау әр пенденің азаматтық парызы ғой. Ауданның жеке кәсіпкерлері Ғабит Мұқанов пен Абзал Нығметовтердің ұйымдастыруымен көпбалалы 50 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Аз қамтылған әр үйге он келі күріш, он келі макарон, 25 келі ұн, бес литр сұйық май, жарты келі шайдан үлестірілді. Сауабы мол іс-шараның басы-қасында болып, қолдау танытқан жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз», – дейді Серікбай қажы Есболов.

Сондай-ақ, мешітке келгендерге кәсіпкер Гүлнұр Бекмағамбетова көп мәрте қолдануға болатын маска таратып берді.


Соңғы жаңалықтар