+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Birgemiz: СҚО-да 4 мыңға жуық адам қаржылай көмек алды

2020 жылғы 10 сәуір 18:14
Бөлісіңіз:
Birgemiz: СҚО-да 4 мыңға жуық адам қаржылай көмек алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде 3669 азамат 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды. Бұл төлемдерді мұқтаж жандарға «Birgemiz-Qyzylzhar» Солтүстік Қазақстан қоғамдық қоры жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрдемақы халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін жандарға, соның ішінде, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, 1-топтағы мүгедектерге, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, жетім балаларға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне беріледі.

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ұйымдары анықтайды. Алушылардың тізімін жасау кезінде қор мемлекеттік ұйымдардың ресми деректеріне сүйенеді. Көмекті тек қана Петропавлдың тұрғындары алады, өйткені оларда коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары», - дейді «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.

Меценаттар мен бизнесмендердің қаражаты «Birgemiz» республикалық қорына түседі, сол жерден ақша өңірлерге жіберіледі. Бүгінгі таңда «Birgemiz-Qyzylzhar» облыстық қорының есебінде 183 млн 450 мың теңге бар.

«Біздің қорымыз еліміздің заңнамасына сәйкес жұмыс істейді. Ақша арнайы құрылған комиссияның бақылауында. Материалдық көмек облыс орталығының 3669 тұрғынына көрсетілді. Ақша екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың шоттарына түседі. Бұл түсімдерден банктер орталықтан жасалған келісім бойынша комиссия ұстамайды», - дейді өңірлік қор басқармасының төрағасы Жанахмет Тащеғұлов.

Петропавл тұрғыны Анастасия Гурьянова - төрт баланың анасы. Карантинге байланысты өзі де, күйеуі де қаржылық қиыншылық көріп жатыр. Отбасының жалдамалы пәтер үшін осы айда төлейтін ақшалары болмаған. Қор туралы Instagram әлеуметтік желісінен біліп, нәтижесінде көмек алды.

«Телефон арқылы маған бәрін түсіндірді, тізімге енгенімді айтты. Келесі күні шотқа ақша түсті. Қатты қуандым. Үйді жалға алғаным үшін ай сайын 30 мың теңге төлеймін, қордың арқасында бұл мәселе шешілді. Партияға, оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа немқұрайлық танытпағаны үшін және осындай тамаша бастамалар үшін, көпбалалы отбасыларға, жетімдер, мүгедектерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», - дейді Анастасия Гурьянова.

Айта кетейік, «Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасының, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің ірі қалаларында және облыс орталықтарында тұратын мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында құрылды. «Birgemiz-Qyzylzhar» аймақтық қоғамдық қоры өз жұмысын сәуір айының басында бастады. Төлемге үміткерлер 8 /7152/ 50-14-19, 36-91-67, 50-20-41 жедел желі нөмірлері бойынша қосымша ақпаратты біле алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT