Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», делінген хабарламада.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
- Елімізде 1 сыныпқа қабылдау үшін қанша өтініш берілді
- Тәуелсіздікке 30 жыл: Әлемнің үздік университеттері қатарына қанша қазақстандық білім ордасы кірді
- Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды
- Докторант диссертация жазбай-ақ ғылыми дәрежесін қорғай алады
-
Жауапсыз рецензенттер диссертациялық кеңес жұмысынан шеттетіледі
-
ЖОО жанынан диссертациялық кеңес құрудың талабы өзгерді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам