Бірінші тоқсанда ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ақмола облысында жоғары өсім болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аулы шаруашылығы бойынша 13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығында 2,8 пайыз деңгейінде тұрақты өсу байқалды. 13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Мал мен құс еті, сүт өндірудің артуы есебінен Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті», - деді министр Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыздағы қорытындыларды баяндай келе.

Оның айтуынша, аталған салада төмендеу Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай тоқталсақ, 6 көрсеткіш бойынша оң өсім Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. 5 көрсеткіш бойынша 6 өңір оң өсім көрсетті. Олар Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы. 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. 2 өңірде 3 көрсеткіш бойынша оң өсу байқалды. Бұл ретте, сауда бойынша оң аймаққа Алматы облысынан басқа, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары енді», - деді Ә. Ерғалиеев.


Соңғы жаңалықтар