+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Бірқатар ҚАЖ қызметкерлерінің үстінен жемқорлыққа қатысты іс қозғалды

2019 жылғы 8 қараша 11:23
Бөлісіңіз:
Бірқатар ҚАЖ қызметкерлерінің үстінен жемқорлыққа қатысты іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп еліміздің бірқатар аймақтарында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдіктері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай өңіріндегі ҚР АШМ мекемесінің басшысы тергеуге алынды Алматы облысында орман шаруашылығы саласының лауазымды тұлғалары ұсталды Қостанай облысында қаржы жымқырған мәдениет үйінің басшысы мен есепшісі сотталды

Сонымен, Ақмола облысында тергеу жолымен анықталған EЦ-166/18 мекемесі бастығының тәртіптік-жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет майорының сотталған адамға қамқорлық және қолайлы жағдай жасау үшін азаматтан 400 мың теңге көлемінде пара алу фактісі (Qiwi электронды әмиянына аудару арқылы) тексерілуде.

Қарағанды қаласында облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен бірге АК-159/1 мекемесінің бақылаушысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен әшкереленді.

Ол 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін сотталушыға марихуана және ұялы телефон өткізу арқылы өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Күдіктілердің өз кінәсін мойындауына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оларға қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT