Бірнеше күннен бері ауызсусыз отырған Көкшетау тұрғындарына ертең су беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бірнеше күннен бері сусыз отырған аудан тұрғындарына ертең таңертең су беріледі. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Ермек Өмірғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ермек Өмірғалиевтің айтуынша, Көкшетау топтық су құбырынан су беруді тоқтатқаннан кейін 7 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны Шағалалы су қоймасынан су беру көлемін 15 мың текше метрден 26 мың текше метрге дейін ұлғайтқан.

«Қазіргі кезде су Еленовка ауылына берілді. Бұл қаладан шамамен 35 шақырым. Қазір технологиялық процесс жүріп жатыр, бірақ біздегі ақпарат бойынша қалаға су ертең таңертең беріледі. Алдымен алдын-алу жұмыстары жүргізіледі, содан кейін толтыру, тазарту, қалпына келтіру және қайтадан толтыру. Осыдан кейін қалаға біздің тазарту қондырғыларымызға су беріледі», – деді Ермек Өмірғалиев.

Ол атап өткендей, қазіргі кезде қалада су тасымалдауға 60 бірлік техника жұмылдырылып отыр.

«Тұрғындардан түскен барлық өтінімдерді қамтуға тырысудамыз. Су тазарту нысандарын біз дайындап қойдық», - деп толықтырды кәсіпорын басшысы.

Осы ретте, қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров Көкшетау тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін келіп түскен ақпаратты назарға ала отырып, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны қолданыстағы резервуарларға 48 мың текше метр су қорын қамтамасыз еткенін, сондай-ақ, қабылданған шаралар топтық су құбырынан су беруді тоқтатқан сәттен бастап судың тұрақты берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Көкшетау қаласындағы Сарыарқа, Жайлау шағынаудандары мен Краснояр кенті тұрғындары ауызсусыз қалған еді.


Соңғы жаңалықтар