USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Бірнеше өңірде ұлттық қауіпсіздік департаментіне жаңа басшылар тағайындалды

2022 жылғы 14 қаңтар 19:48
Бөлісіңіз:
Бірнеше өңірде ұлттық қауіпсіздік департаментіне жаңа басшылар тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласы және Қостанай, Қызылорда облыстарындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттеріне жаңа бастықтар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты Талғат Жақан ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болды Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды

Алматы қаласы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып Марат Ирменов тағайындалды.

Ал Қостанай облысы бойынша департаментті бқдан былай ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Айбар Дуанбаев басқарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департамент бастығы қызметін полковник Болат Қалмырзаев атқаратын болды.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмағанын сынаған болатын.

«Шетін жағдайда Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік күзеттің әскери қызметшілері абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті», - деді Мемлекет басшысы.

6 қаңтарда Президент Жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылып, 8 қаңтарда комитеттің баспасөз қызметі оның ұсталғанын мәлім еткен болатын.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтының мәліметінше, осы жылдың алтыншы қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-тармағымен, мемлекетке сатқындық фактісі бойынша тергеу бастаған еді.

Ал 13 қаңтарда Мәсімов пен оның орынбасарларының үстінен қатысты билікті күшпен басып алу әрекеті бойынша тергеу басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT