Бірнеше полиция қызметкері ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің бірнеше аймағында полиция қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті патрульдік полициясының бірқатар қызметкері, оның ішінде взводы командирі мен полиция капитаны ұсталды. Олар жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде пара алу күдігіне ілігіп отыр.

«Взвод командирі ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп атап өтеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.

Мұнан бөлек, Шымкент қаласында жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 130 мың теңге көлемінде пара алған қалалық патрульдік полиция қызметінің полиция лейтенанты күдікке ілінді.

Ал Алматы облысында Талдықорған қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция капитанының қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдағаны үшін азаматтан 50 мың теңге пара алуына қатысы тексеріліп жатыр.

Маңғыстау облысында пробациялық бақылаудағы тұлғадан жалпы қамқорлық пен қоғамдық жұмысқа тарпауы үшін 60 мың теңге пара алу күдігіне ілінген Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық департаменті Мұнайлы аудандық пробация қызметінің бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар