Бірыңғай мемлекеттік жүйеде 159 жер қойнауын пайдаланушы тіркелді - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінде 159 жер қойнауын пайдаланушы тіркелді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінде 159 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Аталған мемлекеттік жүйе аясында: сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын автоматты біріктіру және қалыптастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан деректерді алуға арналған жиынтық өтінім автоматтандырылды. Сонымен қатар, есептерді электронды түрде тапсыру нысандары автоматтандырылды. Сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл жүзеге асырылды», - деді министр.

Мұнымен қоса, биыл мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесін іске асыру, лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын одан әрі мониторингтеу үшін қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтыруларды цифрландыру, есеп тапсыруды электронды форматқа көшіру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жоспарланған.

Айта кетейік, жер қойнауын пайдалануға арналған 269 келісімшарт, оның ішінде көмірсутектер бойынша 247 келісімшарт, уран бойынша 22 келісімшарт жасалды. 2020 жылы 11 келісімшарт бекітілді.



Соңғы жаңалықтар