USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгертілді

2021 жылғы 3 желтоқсан 10:19
Бөлісіңіз:
Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгертілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өзара тауар айналымы 17 млрд долларға жетті – Мемлекет басшысы Өткен жылдың жоғары базасы аясында инфляцияның бәсеңдеуі күтіледі – Ұлттық банк Үкіметте Атырау облысындағы құрылыс жұмыстары қаралды

Бұл туралы Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының ресми сайты жазды.

Бұл шешімді зейнетақы қоры былай деп түсіндіреді. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында: «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатыны айтылған.

Төмен жинақтық шекті айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтырулармен) бекітілген.

Әдістеме бойынша төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты төмен жинақтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.

2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылғы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры осыны ескеріп, 2022 жылға төмен жинақтық шек мөлшерін де көбейткен.

2022 жылдан бастап бұл мөлшер әр жас бойынша мынадай көлемде есептеледі:

Жас ерекшеліктері

ТЖШ, теңгемен

20

3 140 000

21

3 250 000

22

3 370 000

23

3 490 000

24

3 610 000

25

3 730 000

26

3 860 000

27

3 980 000

28

4 110 000

29

4 240 000

30

4 370 000

31

4 510 000

32

4 640 000

33

4 780 000

34

4 920 000

35

5 060 000

36

5 200 000

37

5 350 000

38

5 490 000

39

5 640 000

40

5 790 000

41

5 950 000

42

6 100 000

43

6 260 000

44

6 420 000

45

6 580 000

46

6 750 000

47

6 920 000

48

7 090 000

49

7 260 000

50

7 430 000

51

7 610 000

52

7 790 000

53

7 970 000

54

8 150 000

55

8 340 000

56

8 530 000

57

8 720 000

58

8 920 000

59

9 120 000

60

9 120 000

61

9 120 000

62

9 120 000


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT