Биткойн бағасы алғаш рет 68 мың доллардан асты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Сауда сессиясының барысында биткойн бағасы 4,69%-ға өсіп, 68,230 мың долларға жетті (сағат 06:44-дегі жағдай бойынша), деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, криптовалюта бағасы тарихи максимумын қайта жаңартты. Сағат

06:50-дегі жағдай бойынша, биткойн өсімін 4,82%-ға дейін өсіріп, $68,354 мың доллар деңгейінде болған.

Биткойн – кез келген қолданушы, жүйе қатысушысы «өндіре» (айналысқа шығара) алатын блокчейн технологиясы негізіндегі өзі аттас криптовалютаның орталықсыздандырылған жүйесі. Жүйе концепциясын 2008 жылдың қарашасында оның авторы (мүмкін авторлар ұжымы) Сатоси Накамото жариялады. Биткойнның танымалдылығы кейінгі жылдары артты. Биткойнның эмиссиясы табиғи жолмен шектелген, қазіргі күні биткойнның бір бөлігі «өндірілген».


Соңғы жаңалықтар