Биыл 10 су қоймасы қалпына келтіріледі – Мағзұм Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 10 су қоймасы қалпына келтіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі күні 41 апатты су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. Оның 11-і қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде 14 мыңнан астам тұрғыны бар 15 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Биыл тағы 10 су қоймасын қалпына келтіру жоспарлануда. Қалған 20 су қоймасына қатысты жұмыстар алдағы 3 жылдың ішінде аяқталады. Бүгінде осы нысандар су жинағыш ретінде емес, су өткізгіш ретінде қолданылып отырғандықтан, су тасқыны кезінде қауіп төндірмейтіндігін атап өткім келеді», - деді ол.
Жалпы, оның дерегінше, алдын ала болжам бойынша, биыл өзендердің сулылығы қалыпты деңгейде не одан төмен деп күтілуде.
«Республикалық меншік нысандарындағы су шаруашылығының жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында. Бұл ретте, коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне облыс әкімдерінің назарын аудару қажет деп санаймыз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
- Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа төраға тағайындалды
- Гүлжахан Бимендина жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы қызметінен босатылды
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,4 пайызға қымбаттады
- Асқар Мамин әкімдерге: Барлық ауылда медицина ұйымдары интернетпен қамтылуы тиіс
-
Жас медицина мамандарын ауылда жұмыс істеу үшін ынталандыру керек – Асқар Мамин
-
Асқар Мамин АӨК-тегі Инвестициялық жобаларды іске асыру жол карталарын дайындауды тапсырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам