Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс көлемін арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды», - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, қалалардың 98 пайызы және ауылдық елді мекендердің 90 пайыздан астам сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізеді.

Коммуналдық желілердің тозуы 53 пайызға дейін төмендетіледі.

«Нарықтық тетіктер негізінде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкем, жалға берілетін баспа нарығын белсенді дамытуға жеке инвестиция тартуға бағытталған тұрғын үй саясатын жетілдіру жалғасады. Жаңа әдістер енгізу, тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру, «Отбасы банк» жұмысының жаңа форматы баспанаға қолжетімділік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар