Биыл 3,2 трлн теңгенің 306 инвестициялық жобасы іске асырылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде іске асырылатын 306 инвестициялық жобаның 40-ында шетелдік компаниялардың қатысы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүл туралы Үкімет отырысын Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы жасалды. Аталған пул тоқсан сайын жаңартылып, әкімдіктер мен министрліктер сайтында жарияланды. Бүгінгі таңда бұл пул жалпы көлемі 24,4 трлн теңгені құрайтын 765 жобадан тұрады және 112 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді», - деді вице-министр.

Оның айтуынша аталған жобалардың көбі 2025-2026 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

«Биыл 3,2 трлн теңгеге 306 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 40 жоба бар. Енгізілетін жобалардың ішінде араб инвесторларының Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды кешен салу, Қарағанды облысында «Татнефть» компаниясының шина зауытын салу, Ақтөбе облысында 48 МВт жел электр стансасының екінші кезеңін жүргізу бойынша ENY General Electric жобасы, баламалы электр көздері бойынша ШҚО, Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында 5 жоба іске асырылады», - деді Алмас Айдаров.

Ал ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың мәліметі бойынша, Қазақстан 2026 жылға қарай шетелдік инвестиция ағынын 25,5 млрд долларға арттырады.


Соңғы жаңалықтар