Биыл 3,5 млрд кВт/сағат жаңартылатын энергия өндіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жаңартылған энергия көздері саласында 23 жоба іске асырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электр энергетикасын дамыту бойынша 2020 жылғы 7 желтоқсанда қабылданған маневрлік генерация құрылысын ынталандыру жөніндегі заң нормаларын іске асыру мақсатында министрлік биыл Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарында аукциондық сауда-саттық тетігін қолдану арқылы 3 жобаны іріктейді. Бұл тетік маневрлік генерация құрылысына серпін беруге және тұтынушылар үшін бағаларға ең аз әсер ететін неғұрлым тиімді жобаларды таңдауға мүмкіндік береді. Шамамен 870 млн АҚШ доллары сомасына инвесторларды іріктеу күтіледі»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, жаңартылған энергия көздері саласында биыл жалпы қуаты 381 МВт болатын 23 жоба іске асырылып, шамамен 370 млн доллар инвестиция тарту жоспарланған.

«Биыл шамамен 3,5 млрд кВт/сағат жаңартылатын энергия өндіру жоспарланып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар