Биыл Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады – Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба қабылданатын болады. Оған бүгін айтылған міндеттер мен оларды іске асыру шараларды енгізу керек. Бұл ретте шоғырландырылған ұсыныстарды әзірлеу үшін осы жобаны ауыл шаруашылығы субъектілерімен талқылауды өткізу қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған жұмысты биылғы жылы наурыз айының соңына дейін аяқтауды және Үкіметте Ұлттық жоба тұжырым-дамасының таныстырылымын өткізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Премьер-Министр қойылған мақсаттарды тиімді іске асыру білікті кадрлардың болуын талап ететіндігін баса айтты.

«Салада, әсіресе ветеринариялық-фитосанитариялық қызметтерде мамандар тапшы, мұны тәжірибе көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Білім министрлігімен бірлесіп, аграрлық ғылым мен білімді дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу, аграрлық жоғары оқу орындарындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігі дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар