Биыл «Алтын белгіге» 9 822 оқушы үміткер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссия қарайды. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сенсек, комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 9 822 оқу озаты үміткер болып отыр.

«Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір, кеңестік кезеңдегідей, емтихан жұмыстарын облыстық немесе республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді», – дейді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді.

12 маусымға дейін емтихан қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында 3,4 млн астам оқушы мектепте білім алды. Оның 150 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды.


Соңғы жаңалықтар