Биыл астанадағы Көктал шағынауданы қалай өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көктал-1 тұрғын алабының Жұмбақтас көшесінің қасында бос орынға футбол алаңы, скейт-аумақ, воркаут-алаңдар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы мәлімет таратты.

Орталық өкілдерінің жергілікті тұрғындармен өткен кездесулерінен кейін қоғамдық кеңістікті абаттандыру жобасы бекітілді.

«Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады. Жобаны биыл іске асыру жоспарланып отыр» дейді орталық мамандары.

Аталған аймақ кішкентай балалар ойнына және спорттық ойындарға арналған деп бөлінген. Біріншісінде әткеншектер, құмсалғыштар, орындықтар орнатылады.

Спорт аймағында – скейт шағын аймағы, 2 воркаут-алаң және футбол алаңы пайда болады.

Тыныш демалыс аймақтары мен тез тамақтану орындары қарастырылған. Ағаш отырғызу да көзделген.

Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді.

Айта кетейік, бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар