+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайыздан астамы сумен қамтамасыз етілмек

2020 жылғы 28 мамыр 18:06
Бөлісіңіз:
Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайыздан астамы сумен қамтамасыз етілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайыздан астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Ел аумағындағы қоқыс үйінділері мәселесі қалай шешіледі Мағзұм Мырзағалиев: Еліміздегі қоқыс полигондары сыйымдылығы толатын шегіне жетіп қойған Президенттің итбалықтың мәселесін қозғағаны қоғамдағы жайттарға бей-жай қарамайтындығын көрсетті – ғалым

«Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5 пайызға жеткізіледі. Бұл тұрғыда 10 млн-нан астам адам қамтылады. Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7 пайызға дейін жетіп, 6,84 млн адамды қамтиды», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

Сонымен қатар, қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9 пайызды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші - 92,6 пайыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT